• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Президент 21 Наурыз, 2023

Тазы асыраушы Президентке Наурыз есімді күшікті сыйға берді

378 рет
көрсетілді

Анна Захарова Қасым-Жомарт Кемелұлына Наурыз есімді күшікті сыйға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шарада тазы иттердің көрмесін тамашалаған болатын. 

Көрме кезінде тазы асыраушы Анна Захарова Қасым-Жомарт Кемелұлына бір жарым айлық күшікті сыйға берді. Күшіктің аты - Наурыз.

Президент осы шарада тазыны халықаралық дәрежеде дәріптеу керегін атап өтті.