Үндістанның Нью-Дели қаласында әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты аясында жартылай финалдық жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
1/2 финалдың қорытындысы бойынша екі қазақстандық финалға жолдама алды. Осылайша, Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден астам) алтын медаль үшін жарысады.
Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін), Надежда Рябец (66 келіге дейін), Валентина Халзова (75 келіге дейін) және Фариза Шолтай (81 келіге дейін) турнирде қола медаль еншіледі.