• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Наурыз, 2023

Франциядағы шеру толастамай тұр

318 рет
көрсетілді

Францияда үкіметтің зейнеткерлік жасын 62-ден 64-ке көтеру туралы шешімінен туындаған дағдарыс жалғасып жатыр. Бейсенбідегі зейнетақы реформасына қарсы наразылық акцияларына бүкіл ел бойынша миллионнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz  ВВС-ге сілтеме жасап.

Ел бойынша тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген айыппен 80 адам қамауға алынды, оның 33-і Парижде. Бұл – Франция президенті Эммануэль Макрон өте қажет деп санайтын реформаға қарсы демонстрациялардың тоғызыншы күні.

Қаңтарда қарауға ұсынылып, өткен аптада парламенттің дауысынсыз мақұлданған заң елдегі жағдайдың шиеленесуіне  әкелді. Үкімет шешімінің күші сенімсіздік вотумы арқылы ғана жойылады. Бірақ дүйсенбіде ел үкіметі парламентте жарияланған сенімсіздік вотумын жеті дауыспен еңсерді.

Францияның бас кәсіподағы «Жалпыға ортақ еңбек конфедерациясы» (CGT) мәліметтері бойынша, бейсенбіде Париж көшелерінде 800 мыңға жуық адам жиналды. Алайда полиция мәліметінше, наразылық акциясына 119 мың адам шықты.

Париждің кейбір аудандарында тәртіпсіздіктер болды. Шерушілердің шағын топтары полицияға тас лақтырып, отшашу жақты, тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолданды.