Қазақстандық спортшы әлем кубогында оқ ату бойынша қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Александра Ле Үндістанның Бхопал қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем Кубогының кезеңінде 10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан жүлделі орыннан көрінді. Ол бұл сайыста 261.2 ұпай жинады.
Мадхья-Прадеш штатындағы бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Бұл қатарда 18 қазақстандық бар. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады.