• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Экология 25 Наурыз, 2023

Экология министрі БҰҰ Бас хатшысымен кездесті

248 рет
көрсетілді

Кеше Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«БҰҰ-ның 2023 Су конференциясында қазақстандық делегацияны басқарып отырған министр БҰҰ Бас хатшысын Қазақстанның су ресурстарын орнықты басқару саласындағы жоспарлары туралы хабардар етті. Бас хатшы Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалап, Қазақстанның Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу саласындағы белсенді ұстанымын атап өтті», делінген Экология министрлігі таратқан ақпаратта.

Келіссөздер барысында Алматы қаласындағы Орталық Азия және Ауғанстан елдері үшін ОМД бойынша БҰҰ Өңірлік хабын құру Қазақстанның бастамасы да талқыланды.