Кеше Ақтауда кәмелетке толмаған үш баласын өлтірген күдікті ұсталды, қазір ол қамауда отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 36 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторында отыр. Оның 2011, 2014 жылы туған екі қызы мен 2016 жылы туған ұлы өлі күйінде табылған.
«36 жастағы ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі - екі немесе одан да көп кәмелетке толмағандарды өлтіру бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр», делінген полиция хабарламасында.
Бүгін желіде күдіктінің суреті пайда болды.
Еске салайық, кеше Ақтауда кәмелетке толмаған балаларды өлтірген күдіктінің ұсталғанын хабарлаған едік.