• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Наурыз, 2023

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

845 рет
көрсетілді

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Тблисиде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінде күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда ол Австрия өкілі Уашид Борчашвилиге есе жіберді.

Бұл 23 жастағы Абылайхан Жұбаназардың ересектер арасындағы әлемдік турнирде жеңіп алған алғашқы жүлдесі.   Абылайхан Жұбазанар финалға дейін төрт кездесу өткізді. Жарысты екінші айналымнан бастаған ол іріктеу кезеңінде Канада және Польша спортшыларын жеңді. Ширек финалда молдовалық Виктор Стерпуден басым түссе, жартылай финалда татами иесі, Грузия спортшысы Дмитрий Гочилидзені иппон ұпайымен ұтты.   Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы алғашқы жарыс күнінде екі қола жүлде жеңіп алған болатын. Атап айтқанда, Әбиба Әбужақынова (48 кг) мен Мағжан Шамшадин (60 кг) ел қоржынына қос қола жүлде салды.   Тблиси татамиінде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысы 26 наурызға дейін жалғасады.