• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Шахмат 26 Наурыз, 2023

FIDE президенті Гран-приге қатысушылардан кешірім сұрады

392 рет
көрсетілді

Халықаралық шахмат федерациясының басшысы Аркадий Дворкович Үндістан Гран-приі 3-кезеңінің қатысушыларынан ресми түрде кешірім сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

FIDE сайтындағы мәлімет бойынша, Үндістанға барған шахматшылар ұйымдастырушылардың қателігінен бірқатар келеңсіздікке тап болған. Сол себепті қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік жарысқа қатысудан бас тартқан. 11 шахматшы қалғандықтан, турнир кестесін қайта жасауға тура келген. 

Осы ретте А. Дворкович қалған 11 қатысушыдан кешірім сұрап, барлығына хат жолдаған. Бірақ ол тізімде Жансай Әбдімәлік болмаған.

FIDE басшысы Гран-придің үшінші кезеңін ұйымдастырудағы оқиғаны шешуге уәде берді. FIDE шахматшылардың Үндістанға келген кездегі қосымша шығындарын өтейді.

Еске салайық, бұған дейін блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева шахматшы Жансая Әбдімәлікті Делидегі маңызды халықаралық турнирді тастап кеткені үшін сынға алған болатын.