Ел аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Қазақстанның барлық аумағында антициклонның әсерінен ашық ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Республика бойынша тұман түседі, еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі болжанады.