• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Маусым, 2014

Футбол. Әлем чемпионаты. Колумбия да ширек финалдан орын алды

371 рет
көрсетілді

АСТАНА. Маусымның 29-ы күні түн ортасы ауа Колумбия – Уругвай арасындағы екінші 1/8 финалдық ойын аяқталды. Мат 2:0 есебімен колумбиялықтардың пайдасына шешілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. 29 маусым. Рио-де-Жанейро. «Маракана» стадионы. Төреші - Бьорн Кейперс (Голландия). Колумбия - Уругвай 1:1 (1:1, 1:1). Колумбия: Давид Оспина, Хуан Сунига, Кристиан Сапата, Марио Йепес, Пабло Армеро,   Абель Агилар, Карлос Санчес, Хуан Куадрадо (Фредди Гуарин, 81) Джеймс Родригес (Адриан Рамирес, 85), Теофило Гутьеррес (Алекс Мехия, 68), Джексон Мартинес. Уругвай: Фернандо Муслера, Макси Перейра, Диего Годин, Хосе Хименес, Мартин Касерес, Альваро Перейра (Гастон Рамирес, 54), Эгидио Аревало, Кристиан Родригес, Альваро Гонсалес (Абель Эрнандес, 67), Диего Форлан (Кристиан Стуани, 53), Эдинсон Кавани. Голдар: Джеймс Родригес (28, 50). Ескертулер: Пабло Армеро (78) – Хосе Хименес (55), Диего Лугано (78). Колумбия ойынды белсенді бастап, сол қанаттан айып добын ұру құқығына қол жеткізді. Бірақ қорғаушылар бұл шабуылды тез қайтарды. Бірақ шабуылдаушылар алған беттерінен қайтпады. Уругвайлықтар жағдайдың бұлай қалыптасуына көндіккен сыңайлы. Кездесудің 18-минутына қарай колумбиялықтардың допты игеру басымдылығы 71-29 пайыз болды. Арада 10 минут өткеннен кейін Джейсм Родригес керемет гол соқты. Колумбиялықтар ұзақ уақыт қарсыластар алаңында доп айналдырып жүрді. Бір кезде Марио Йепес пен Хуан Куадрадо бір-біріне қақпақылдап, қақпаға екі рет ұрды. Бірақ қақпа жақтан қайтқан допты олардың әріптестері тағы кері қайтарды. Осы келген допты кеудесімен қабылдап алған Родригес денесімен бұрыла беріп, дарбазаға қарай заулатты. Доп ұшқан бойы бағанның астына барып қадалды да қалды. Қарсыластар осы есеппен үзіліске шықты. Арасында бір рет уругвайлықтар есепті теңестіруге өте жақсы мүмкіндік алды. Алайда, оны шегіне жеткізе алмады. Екінші таймның басы Уругвайдың шабуылымен басталды. Дегенмен, алаңдағы жағдай біртіндеп бұрынғы қалпына келді. Мұның соңы 50-минутта тағы да голға айналды. Бұл жолы да алдыңғыдай керемет әдемі гол соғылды. Колумбиялықтар бұл үшін тамаша комбинация ұйымдастырды. Оны Хуан Куадрадо бастап берді. Оны жеткізген добын алған Родригес қатарына Джексон Мартинесті қосты. Ол алаңның шетіндегі Пабло Армероға доп асырды. Құйындай ұшқан ол кенет допты айып алаңына жөнелтті. Сол жерді оны басымен қақпашы алаңына Куадрадо жіберді. Міне, осыны тоқтатпастан бос қақпаға тастай салған Родригес ойындағы екінші голдың авторы атанды. Ал уругвайлықтар осы кезден ашықтан-ашық дөрекі ойнай бастады. Сөйтіп жүріп, арасында қарсы жорықтарға шығып тұрды. Солардың бірі 85-минутта орын алды. Оны жасаған Эдинсон Каванидің соққысын Давид Оспина бұрыштамаға қағып жіберді. Уругвайлықтар бұдан кейін қысымды күшейтті. Алаңдағы төрешінің ойынның аяқталғанын білдірген ысқырығы оларды шабуыл үстінде тоқтатты. Сөйтіп, 2:0 есебімен жеңіске жеткен Колумбия құрамасы ширек финалға шықты. Ол енді 5 шілде күні Бразилиямен кездеседі. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: egemen.kz. Фото: Sportbox.ru.
Соңғы жаңалықтар