Үндістанның Бхопал қаласында өтіп жатқан оқ атудан әлем кубогінде Александра Ле қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пневматикалық мылтықпен 10 метрден ату бойынша ол 261,2 ұпай жинады.
Мадхья-Прадеш штатында өтіп жатқан турнирге әлемнің 31 елінен 208 ең мықты атқыштар қатысып жатыр. Оның ішінде Қазақстаннан 18 спортшы бар.