Мемлекет басшысы аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады. Кездесуден кейін Шавкат Рахмонов пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аралас жекпе-жек шебері Қасым-Жомарт Кемелұлымен кездесуден кейін өз алғысы мен ризашылығын білдірді.
«Бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болдым. Өте қарапайым екен. Өткенде де Наурыз мерекесімен құттықтап, өзі арнайы қарсы аламын деп айтқан. Сондықтан бүгін келіп, менімен бетпе-бет сөйлесіп жақын танысты. Мен үшін осында келіп, Қазақстан басшысымен кездесу – абырой», деді Шавкат Рахмонов.