• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Сайлау 27 Наурыз, 2023

ҚХП-дан Мәжіліске депутат болып кімдер барады?

488 рет
көрсетілді

ҚХП-ның Мәжіліске партиялық тізім бойынша бекіткен депутаттары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Халық партиясының орталық кеңсесінде партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың басшылығымен Саяси бюроның кезектен тыс отырысы өтті.

Жиын барысында партиялық тізім бойынша VIII шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайланған кандидаттарға депутаттық мандат бөлінді.

– Кандидатуралар алқа талдауына түсіп, ұзақ талқыланды, – деді ҚХП төрағасы.

Саяси бюро мүшелері депутаттық топ құрамын жасақтауға қатысты шешім қабылдаған кезде әйелдер мен жастарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінген міндетті квотаны ерекше назарда ұстады.

Нәтижесінде Мәжіліс сайлауына партиялық тізіммен ұсынылған тәжірибелі саясаткерлер Магеррам Магеррамов пен Ирина Смирнова, көпбалалы аналар бірлестігінің жетекшісі Гаухар Танашева, Параолимпиада ойындарының қатысушысы, мүгедек адамдардың құқығын қорғаушы Кенжеғұл Сейiтжан және жастар квотасы бойынша Ислам Сұңқар сынды кандидаттар мандатқа ие болды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлау қорытындысына сәйкес, Қазақстан Халық партиясы 5 пайыздық межені ойдағыдай еңсеріп, ҚР Парламенті Мәжілісіне өтті. Сайлаушылардың дауысы Халық партиясын 5 парламенттік мандатпен қамтамасыз етті.

 

Соңғы жаңалықтар