Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Қазығұрт шекаралық өткізу пунктінің қызметкерлеріне хабарлама келіп түскен соң, шетел азаматы күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция оқиға орнына келіп, есірткіге ұқсас затты анықтаған.
Volvo жүк көлігімен Өзбекстаннан Қазақстанға өтпек болған шетелдіктің көлігін тексеру кезінде күдікті зат табылды.
Көлікте ер адамның күртесінің қалтасынан есірткі тәркіленді. Сараптама тағайындалды. Қорытындыға сәйкес, есірткі гашиш болып шықты. Күдіктінің бұрын сотталған Өзбекстан азаматы екендігі анықталды.
Қазіргі уақытта ол қамауда, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.