• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Наурыз, 2023

Азия чемпионы атанды

310 рет
көрсетілді

Су добынан Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы барлық кездесуде жеңіске жетіп, бас жүлдені олжалады.

Топтық турнирде қыздарымыз жарыс қожайындары (12:7) мен Таиланд (16:10) және Өзбекстанды (11:9) ұтты. Одан кейін плей-офф сайысында Тай елі өкілдерімен жолдары қайта қиысты. Бұл жолы да біздің бұрымдылардың мерейі үстем болды. Есеп – 13:8. Осы жеңістерінің арқасында олар мерзімінен бұрын сары құрлықтың теңдессіз командасы деп танылды. Ал соңғы матч­та жерлестерміз тағы да өзбектерді (12:6) жеңді.

Өкініштісі, Қазақстанның ерлер құра­масына жеңіс тұғырының ең биік саты­сынан көріну бақыты бұйырмады. Тұсау­кесер кездесуінде Филиппиннің (19:6) тас-талқанын шығарған жігіттеріміз келесі матч­та пенальти соғу барысында Иранға (10:10, 4:5) есе жіберді. Үшінші ойында Гонконгті (22:7) ойсырата ұтты. Ширек финалда Син­гапурды (10:7) сан соқтырса, жартылай финалда Қытайға (1:10) жол берді.

Бүгін біздің ватерполшылар Таиландпен қола медаль үшін таласады.