• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Наурыз, 2023

Нормативтік жағдайдағы республикалық жолдардың үлесі 92%-ға артады

214 рет
көрсетілді

Биыл құрылыс-монтаж жұмыстарымен 11 мың шақырымдай автожол қамтылады. Бұл туралы және 2023 жылға белгіленген жоспарлар жөнінде ҚР Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомство өкілі нақтылағандай, осы жылдың соңына қарай нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желі бойынша 92%-ға және жергілікті желіге сәйкес 87%-ға дейін артады деп көзделіп отыр.

«Республикалық желіге байланысты 3,6 мың шақырым жолда құрылыс және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, оның 856 шақырымын аяқтаймыз. Күрделі және орташа жөндеумен шамамен 3,4 мың шақырым жол қамтылады. Жергілікті маңыздағы автожолдарға тоқталсақ, жөндеудің барлық түрімен 4 мың шақырым жол қамтылады деп жоспарланған», деді А.Беков.

Сондай-ақ брифингте Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау бойынша қолға алынған негізгі жұмыстар туралы да айтылды. Атап айтқанда, FIDIC қағидаттарын енгізу мен EPCM-келісімшарттарына көшу. Мәселен, EPCM-келісімшартының талабыбойынша бір орындаушы жобаның толық циклін жүзеге асыратынын атап өткен жөн. Бұл орайда жобаны іске асыратын мердігер барлық тәуекелді өз жауапкершілігіне алатынын айта кетейік.

Бұдан бөлек баспасөз жиынында Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен жергілікті жолдардың сапасын сараптау жөніндегі бірыңғай шарт қабылданатыны белгілі болды. Бұл еліміздегі автожол жобаларында құрылыс технологиясын сақтай отырып, пайдаланылатын материалдардың сапасын және мердігерлік ұйымдардың тәртібін күшейтуге септігін тигізеді.

Сонымен қатар жол саласындағы нормативтік-техникалық базаны жетілдіру мәселесі де көтерілді. Айталық, қолданыстағы стандарттар 50 негізгі ГОСТ пен талаптарға оңтайландырылып, жаңартылмақ. Осы арқылы сыналып, дәлелденгенматериалдар мен технологиялар тізілімі жаңғыртылады.