• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Наурыз, 2023

Чемпионның шапағаты

209 рет
көрсетілді

Былтыр Лон­донда өткен Уим­бл­дон до­да­сында бас жүл­дені ол­жа­лаған Қа­зақ­стан­ның ең мықты тен­нисшісі Елена Рыбакина сол жарыста жеңіп алған сый­ақы­сының біраз бө­лі­гін елі­міз­дің дарынды жастарын қолдауға жұм­асайтынын жария еткен еді.

Тұманды Альбион елін­­дегі толағай табысынан кейін Елена Рыбакина «Ке­зінде мені Қазақстан қатты қолдады. Соның қай­тарымы болуы керек. Менің ендігі міндетім – дарынды жастарға барынша қолдау көрсету. Сол үшін жас өрендерге арнап турнир ұйымдастыруды немесе қаржылай көмек көрсетуді көздеп отырмын», деп те­бірене сөйлеген еді.

Елена айтқан сөзінде тұрды. Таяуда ол осы спорт түрін серік еткен жас өрендер арасынан 14 ойыншыны таңдап алып, солардың әрқайсына 2,5 милллион теңгеден табыс етті. Әйгілі теннисшінің ша­пағатын көргендер арасында Линара Бөлешева, Полина Барабанова, Әми­на Нұрмахан, Ариана Го­гулина, Сатима Төреген, Ева Корышева, Әлбина Кә­кенова, Аружан Арыс­тан­бекова, Дана Байдәулет, Іңкәр Дүйсебай, Айя Нүп­бай, Полина Слепцова, Сан­дуғаш Кенжебаева және Зара Дәркен сынды қ­арымды қыздар бар.

23 жастағы Елена Ры­бакина Мәскеуде дүние­ге келгенімен, үлкен спорт­тағы толағай табыстарының барлығына Қазақстанның туы астында өнер көрсеткен кезде қол жеткізді. Ол біздің елдің азаматтығын 2018 жылдың жазында алды. Сол уақыттан бері көптеген дүбірлі додада дараланды. Атап айтсақ, былтыр Уимблдонда бас жүлдені олжаласа, биыл Аустралия ашық біріншілігінің финалында ойнады. Токио Олимпиадасында төртінші орынға табан тіреп, WTA турнирлерінде төрт рет топ жарды. Аталған жарыстарда атағы алысқа жайылған көп­теген сақа ойыншыны тізе бүктірді. Қазіргі кез­де ол әлемдік рейтингте же­­тінші орында тұр. Осы күнге дейін Қазақстанның бірде-бір теннисшісі дәл осындай деңгейге жеткен емес.