• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
01 Шілде, 2014

Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздер мәресіне жетті

425 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 шілде. Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты жүргізіліп жатқан келіссөздер аяқталды. Бұл туралы nur.kz хабарлады. Аталған мәселе жөнінде Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов Берлин Еуразиялық клубының 10-шы отырысында: «2012 жылы клубтың 2-ші отырысы аясында біз шараға қатысушыларды Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі бойынша келіссөздер үдерісі жайында құлағдар еттік. Сол сәттен бастап біз нақты прогреске қол жеткіздік. Екіжақты форматта жүргізілетін тауарлар мен қызметтер нарығына арналған қолжетімділік шарттары бойынша келіссөздердің аяқталғанын атап өтуге болады», – деді. Тимур Жақсылықовтың айтуынша,  тауарлар нарығына қолжетімділік бойынша 30 елмен келіссөз жүргізілген. Бұл келіссөздердің аяқталғандығы туралы хаттамаға қол қойылды. Өткен кезең ішінде еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі жұмыс тобының 18 отырысы ұйымдастырылған. Онда заңнамалардағы өзгерістер, Қазақстанның ішкі коммерциялық және сауда саясатына қатысы бар халықаралық келісімшарттар талқыланған. Жолдыбай Базар. Дереккөз: nur.kz. Фото: bsr.org.