Мемлекет басшысы Ерлан Қошановтың ұсынысын қабылдап, Әлихан Смайыловтың кандидатурасын Мәжілістің қарауына ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мен сайлауда жеңіске жеткен партия Мемлекет басшысына Премьер-министрдің кандидатурасын ұсына алатынын атап өттім. Бүгін мен Мәжіліс төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановты қабылдадым. Жаңа ғана фракция жетекшілерімен арнайы кездестім. Үкімет басшысы лауазымына Amanat партиясы ұсынған кандидатты талқыладық. Ортақ мәмілеге келдік», деді Президент.
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановтың ұсынысын қабылдап, Әлихан Смайыловтың кандидатурасын Мәжілістің қарауына ұсынды.
«Ата заңымыздың 44-бабына сәйкес, Премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын ұсынамын. Баршаңыз бұл азаматты жақсы танисыздар. Білікті әрі тәжірибелі маман. Жұмысқа адал, еңбекқор адам. Ол Үкіметтің алдында тұрған міндеттерді жақсы біледі. Оған жаңа Үкіметтің тізгінін сеніп тапсыруға болады деп санаймын. Конституцияның 56-бабына сәйкес Премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловты тағайындау үшін Мәжілістің келісім беруін сұраймын», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.