• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Наурыз, 2023

Қоржынға қос күміс түсті

269 рет
көрсетілді

Ауыр атлетикадан Албанияның Дуррес қала­сында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі күміс медаль түсті.

Алғашында 64 кило салмақтағы Таисия Алексеева өз жанкүйерлерін қуантты. Ол 89 килолық зілтемірді жұлқа, 112 килоны серпе көтерді. Таисияның қоссайыстағы көрсеткіші – 201 кило. Ол тек колумбиялық Ингрид Сегу­радан (206 кило) қалып қойса, түрікменстандық Гулалек Какамырадова (196 кило) үшінші сатыға табан тіреді.

89 кило салмақтағы сайыста Керем Курназға тең келер ешкім табылмады. Түркияның аса дарында өрені 327 (144+183) килолық зілтемірді еңсерді. Қазақ спортшысы Нұрдос Сабыр күміс медальді мойнына ілді. Оның нәтижесі – 321 (145+176). Ал қола жүлде армениялық Валерик Мовсисянға бұйырды.