• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Пікір 30 Наурыз, 2023

Жастардың қатары көп

225 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісіне 6 партия өз депутаттарының тізімі ұсын­ды. Тізімнен елімізге бел­гілі біраз азаматты көруге болады. Ең бас­тысы, барлық партия 30 пайыз жастарға б­е­ріл­ген квотаны дұрыс пай­да­­ланған. Партиялардан ұсы­ныл­ған де­путат­тардың басым бөлігі – жастар.

Мәселен, «Respublica» партия­сының 50 пайызы жастар, 6 депутат­тың 3-еуі жас депутат. Бұл – «Жаңа Қа­зақстан» деп аталған дәуірдегі жаңа сайлау. Соған сай өзіндік ерек­ше­ліктері де болды. Биылғы сайлауда пар­тиялардың жастарға көп көңіл бө­ліп, олардың пікірімен кеңесіп жат­қа­ны қуантады.

Сайлау алдында ұйымдас­ты­рыл­ған теледебат та бұрын-соңды болмаған жоғары дәрежеде өтті. Сол кезде-ақ бірнеше адам өзінің өткір пікірімен көзге түскен еді. Нақтырақ айтқанда, «Respublica» партиясынан Динара Шүкіжанованың ой-толғауы ұнады. Сонымен қатар «Amanat» партиясынан Асхат Аймағамбетов секілді азамат­та­рымыздың қатарға қайта қосыл­ғанын көпшілік күтті деуге болады. Қазақстан халық пар­тиясынан Ирина Смирнова да Мә­жіліс депутаты болды. Бұл сайлаудан жаңа леп пен өзгерісті көп байқап отырмыз.

Сондай-ақ депутаттардың жас ерек­ше­лігіне ғана емес, мүмкіндігіне де ешқандай шектеу қойылмады. Шетелде мүмкіндігі шектеуі жандар өзгелермен тең өмір сүреді. Оларды кез келген ортадан көруге болады. Мүгедектігі бар азаматтарға барлық қолайлы жағдай жасалған. Біздің елде де осы бағытқа қарай бет түзеп келеді. Ол үшін ең алдымен Мәжіліске мүмкіндігі шектеу­лі жандардың мұң-мұқтажын түсі­нетін азамат келіп, ортаны өзгер­туге әсер етуі керек. Ерекше жан­дар­дың билікте отырғанын және өздеріне қатысты мәселе жөнінде шешім қабылдай білгенін дұрыс деп есептеймін. Жаңа партиялар өз электоратының сенімін ақтап, қоғам та­лабындағы өзекті мәсе­лелер ше­шімін табатынына сенім мол.

 

Әсем ҚАЙДАРОВА,

Қазақстан қоғамдық даму институты

басқарма төрағасының орынбасары