• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 24 Қаңтар, 2017

Біз – белсенді көрерменбіз

4378 рет
көрсетілді

Егеменді еліміздің даму жо­лын­­­дағы әр қадамы біздер үшін үлкен мәртебе.

1993 жылдан бас­тап Қазақ­­стан Уни­версиада ойын­дары­на қатыса бастағаны белгілі. Осы жыл­дар аралығында 700-ден ас­там спортшымыз бақтарын сынап, 125 жүлде жеңіп алыпты. 2011 жыл­дың 29 қарашасында Ха­лық­ара­лық студенттік спорт фе­де­ра­ция­сы Алматы қаласын 28-ші Бүкіл­­әлемдік қысқы Уни­вер­сиа­да­сы­ның астана­сы ретін­де таныды. Қазақ­стан ТМД мем­лекет­тері ар­а­сында бірінші болып қысқы Уни­вер­сиаданы қабылдамақ. 64 елден 2000 спортшы қатысуы бол­жануда. Универсиадаға аймақ­тар мен шетелден 3000 ерікті жұмыл­дырылып, жарысты тамашалауға 30 мың шетелдік қонақтар келеді деп күтілуде.

Телеаудиториясы 80 елден 1 мил­лиард көрермен болады деп топ­шыланған Универсиада­ны 29 қаң­тар мен 8 ақпан ара­лығын­да туған жерімізде көретініміз біз үшін үлкен қуаныш. Дүбірлі дода­ға Қазақ­стан азаматы ретінде кол­ледж ұстаздары мен жұмысшы­лары, студенттер бір кісідей көрер­­мен болуды жоспарлап отыр­мыз. XXVIII Бүкіләлемдік қыс­қы Уни­вер­сиаданың елімізде ұйым­дас­тырылуы біз үшін зор мақтаныш. Универсиада ойын­дарының жоғар­ғы деңгейде өтуіне сенім білдіре оты­рып, жерлестерімізге сәттілік, елімізге асқақ абырой тілейміз!

 Жұмағали КИБЕКБАЕВ,

Талғар политехникалық колледжінің

директоры, білім беру

ісінің үздігі