Бүгін Қазақстанның басым бөлігіне кең әрі суық антициклон әсер етеді, жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Десе де, елдің батысында циклон жырасының және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста қатты жаңбыр, найзағай болжанады.
Республика бойынша елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында екпінді жел соғып, оңтүстікте – шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста тұман түседі.
Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Жетісу облысында, Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарында 30 м/с және одан жоғары екпінмен жел соғуы ықтимал.