• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Сәуір, 2023

«Silk Road Namangan» жүйрігі

257 рет
көрсетілді

Наурыз айының 24-26 аралығында Өзбекстан республика­сының Наманган қаласында велоспорттан ерлер мен әйелдер арасында «Silk Road Namangan» халықаралық турнирі өтті. Сайысқа барлығы 60 шетелдік және 60 өзбекстандық спортшылар қатысты.

Жарыстың 3-күні маңғыс­таулық Дмитрий Носков «Вы­бывание» бағдарламасы бойынша 2-орын иеленсе, осы бағ­дарламада 1 және 3-орындарды ресейлік Кирилл Маликов пен Александр Иванов иеленді. Маңғыстаудан барған велошабандоз Дмитрий Носков «Командная гонка преследования» бағдарламасында да 3-орын иеленіп, сайыстан елге жүлдемен оралды. Турнир өз жеңімпаздарына  Париждегі «АИ-2024» додасына қатысу үшін халықаралық рейтингтік ұпайларды жеңіп алуға мүм­кіндік береді.           

 

Маңғыстау облысы