АСТАНА. 2 шілде. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Үкімет есебімен танысуы барысында Мемлекет басшысы еліміз Азия-Тынық мұхиты өңірі мен Парсы шығанағы мемлекеттері нарығына тікелей шыға алатын бірегей державаға айналады деп мәлімдеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Президент: «Терминал салудамыз. Тынық мұхитындағы Ляньюньган портынан Қазақстанға қарай, батысқа тауар тасымалдаудамыз. Бұл Қытайдан Антверпенге дейінгі теңіз жолын 35 тәуліктен 2 аптаға қысқартады. Яғни, қазірдің өзінде келісімшарт жасалып, осы желі арқылы 250 мың контейнер өтетін болады. Бұл бізге де жақсы, логистика үшін де жақсы. 2020 жылға қарай осы терминалдың қуаты 2 есеге артатындығы болжануда. Соның арқасында біздің еліміз Орталық Азиядағы Азия-Тынық мұхиты өңірі мен Парсы шығанағы мемлекеттері нарығына тікелей шыға алатын бірегей державаға айналады», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: «ҚазАқпарат».