Көркем гимнастикадан Әлем кубогының финалында біздің спортшымыз Елжана Таниева екінші орынды жеңіп алды. Жарыс Софияда (Болгария) өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан гимнастика федерациясының мәліметінше, Елжана Таниева лентамен, доппен және шоқпармен жаттығулардың финалында өнер көрсетті. Ол финал қорытындысы бойынша 30,900 ұпай жинап, 2-орынға ие болды.
Үздік үштікке Өзбекстан спортшысы Тахмина Икромова мен бразилиялық Барбара Домингос кірді.
Бұған дейін Елжана Таниева Марбеллада (Испания) өткен Гран-приде үшінші болып, қола жүлдегер атанған еді.