АСТАНА. 2 шілде. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Үкімет есебімен танысуы барысында Президент мемлекетіміз 2018 жылға қарай мұнай өңдеу көлемін 17,5 миллион тоннаға жеткізеді деп мәлімдеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Мемлекет басшысы: «2018 жылға дейінгі мұнай-газ секторын дамыту бойынша кешенді жоспар қабылданды. Алға қойылған мақсат бойынша біз мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеуді 17,5 млн. тоннаға жеткізуге тиіспіз. Осылайша мұнай өңдеу 5 млн. тоннаға ұлғаятын болады. Ал мұнай тасымалдауды 98 млн. тоннаға жеткізу қажет. Сонымен қатар, газ тасымалы да 35 млрд. текше метрге жеткізілуі керек. Бұл экономикамыз үшін өте маңызды көрсеткіштер», – деді.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: news.nur.kz.