«Казгидромет» РМК синоптиктері 4-6 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жерорта теңізінен жылжыған Батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер елдің басым бөлігіне әсер етеді.
«Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, 5-6 сәуірде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік–шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Таймыр түбегінен жылжыған солтүстік циклон аясында 6 сәуірде Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады деп күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, елдің оңтүстік аймақтарында шаңды дауыл мен найзағай, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды деп болжанып отыр», делінген хабарламада.