Мектепке электрон темекі әкелген балалар ата-аналарынан қорқып үйлеріне бармаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
3 сәуірде сағат 21:40 шамасында №2 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 6-сынып оқушыларының ата-аналары арызданған. Олардың айтуынша, мектептен кейін балалар үйге оралмаған.
Мұғалімдер балалардың мектепке электрон темекі әкелгенін білген, ал балалар ата-аналарының жазасынан қорқып, үйлеріне бармаған.Полиция қызметкерлері Zello-Poisk командасының еріктілерімен бірлесіп, жоғалған балаларды іздеуге кірісті.
Бес сағаттан кейін балаларды орталық базар аймағында ювеналды полиция қызметкерлері тауып, ата-аналарына тапсырды.