АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі 50 жылдық үзілістен кейін Айға ұшатын төрт ғарышкердің есімін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл жолы Айға алғаш рет әйел адам ұшады. Экипаж мүшесі Кристина Кох алғашқы әйел астронавт атанбақ. Ал Виктор Гловер айға ұшқан алғашқы афроамерикалық болады. Сондай-ақ экипаж қатарына Рид Уиземан мен Джереми Хансен қосылды.
Ғарыш кемесін 2024 жылдың аяғында немесе 2025 жылдың басында ұшыру жоспарланған. Бұл жолы олар Айға қонбайды, бірақ бұл келесі экипаждың қонуына мүмкіндік жасамақ.
Экипаж құрамындағы АҚШ-тың үш азаматы мен Канада азаматы Хьюстондағы салтанатты рәсімде көпшілікке таныстырылды. NASA ғарыш экипажы құрамына америкалық қоғамның түрлі әлеуметтік және этникалық топтарының өкілдерін енгізу туралы уәдесін орындағанын айтты.
«Біз ғарышты игерудің жаңа дәуірін ашамыз», дейді NASA қызметкерлері.