• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 04 Сәуір, 2023

Доллар бағамы 450 теңгеден төмендеді

187 рет
көрсетілді

Доллардың теңгеге шаққандағы құлдырауы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,86 теңгеге төмендеп, 449,39 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 4 сәуірдегі бір долларға арналған ресми бағамы 450,83 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,74 теңгеден сатып алынып, 450,01 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 446,90 теңге, сату – 451,04 теңге.