• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 05 Сәуір, 2023

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

235 рет
көрсетілді

Синоптиктер 6-8 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. 6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады.

7 сәуірде Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның енуінің әсерінен еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының күрт төмендеуі, сондай-ақ жаңбырдың қарға ұласуы күтіледі.

«Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде тұман, шаңды дауыл мен найзағай, солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болжанады. Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 2-12 аязға дейін, күндіз 5 аяз - 7 жылыға дейін төмендейді», делінген хабарламада.