Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы бұйрығымен республика аумағынан өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«6 ай мерзімге мұздатылған, жаңа мұздатылған немесе салқындатылған балықтардың жекелеген түрлерін экспорттауға тыйым салу енгізілсін», делінген құжатта.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне және Шекара қызметіне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияға тыйымның енгізілгені туралы хабарлау тапсырылды.
Бұйрық 2023 жылдың 15 сәуірінде заңды күшіне енеді.