• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Өнім 06 Сәуір, 2023

Азық-түлік қауіпсіздігінің басым бағыты

213 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясында болашақта ел экономикасын арттыру жолында нақты мәселелермен айналысатын уақыттың келгенін нықтап жеткізді. Сондай-ақ Парламент баса назар аударуға тиіс сегіз мәселені атап көрсетті. Соның бірі – халық тұтынатын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту.

Мемлекет басшысының көңіл бөліп отырған азық-түлік қауіпсіздігін қамта­масыз ету елдің жалпы экономикалық саясатының маңызды саласы екенін ескерсек, халықтың өмір сүру деңгейі мен олардың өмір сүру сапасы сияқты маңызды көрсеткіштерге әсер ететіні белгілі. Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі комитетінің ұйғарымына сәйкес, барлық адамда белсенді және саламатты өмір салтын енгізуде бірінші кезекте тағамдық қажеттілігі мен дәмдік талғамдарын қанағаттандыру керек. Ол үшін қауіпсіз және құнарлы тағамдардың жеткіліктілігі мен оған экономикалық қолжетімділік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етілуге тиіс деп есептейді.

Азық-түлік қауіпсіздігі экономикалық жүйенің тұрақты дамуын анықтай отырып, өңірлерде оның сапасы мен экологиялық тазалығын қамтуда Президент көтерген мәселе өте орынды. Бүгінгі күні ішкі нарықта 29 маңызды тауардың ішіндегі 19-ы әлеуметтік маңызы жоғары саналатын өнім болса, соның арасында 12 тауар (нан, макарон өнімдері, картоп, қызанақ, күріш, қой еті, тауық жұмыртқасы, бидай ұны, қарақұмық, тұз, күнбағыс майы, сиыр еті) ішкі нарықта 100%, азық-түлік тауарларының 11 түрін (сүт, қияр, сәбіз, қырыққабат, пияз, бұрыш, ас қызылшасы, жылқы еті, шошқа еті, ашытылған сүт өнімдері, сары май) қамтамасыз ету 80%-дан асады. Жекелеген тауарлар бойынша ішкі тұтынудағы отандық өндіріс үлесі әлі де төмен деңгейде. Мәселен, алма (75,6%), құс еті (67,9%), шұжық (61%), ірімшік пен сүзбе (53%), қант (50,9%)  және балық (74%) құрайды. Аталған тауар түрлеріне сәйкес, министрлік өндіріс көлемін ұлғайту жөнінде жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Ірімшік пен сүзбе өндірісін ұлғайтуда өткен жылы еліміз бойынша жалпы өндірістік қуатты жылына 52,4 мың тонна сүтті құрайтын 10,6 мың бас ірі қараға арналған  36 тауарлы-сүт фермасы құрылып, жаңартылды. Аталған тауарлы-сүт фермаcының 12-сі өнеркәсіптік ба­ғытта болса, 24-і отбасылық фермаға тиесілі. Сүт өңдеуші кәсіпорындарды сапалы әрі қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етуде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қайта өңдеу кәсіпорындарына тапсыратын сүт көлемін субсидиялау, сонымен қатар тереңдете өңдеуде шикізатты сатып алу үшін қайта өңдеу кәсіпорындарын субсидиялау жүзеге асырылып отыр.

Ал құс етіне импорттық тәуелділікті азайту үшін былтыр қуаттылығы жылына 121,7 мың тонна болатын ет бағытындағы құс фабрикасының құрылысы бойынша 7 инвестициялық жоба іске қосылған. Өткен жылдың 12 айында 293,2 мың тонна құс еті өндіріліп, бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ға артқан. Аталған жоба құс фабрикаларын салуға және жаңғыртуға жұмсалған шығындардың 20 пайызын өтеуді көздей­тін инвестициялық субсидиялардың арқа­сында жүзеге асқанын айта кету керек.

Өткен жылы отандық қант өндірісін арттыру аясында министрлік қант өнер­кәсібін дамытудың бесжылдық кезеңіне арналған кешенді жоспарын әзірледі. Онда қант қызылшасының егіс алқабын жыл сайын орта есеппен 6,5 мың гектарға ұлғайтып, 38 мың гектарға жеткізу арқылы зауыттарды шикізатпен қамтамасыз ету көзделген. Суару желілерін дамыту, технологиялық жабдықтарды жаңарту және өндірістік қуаттарды арттыру  арқылы зауыттар жаңғыртылады. Отандық зауыттардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және қант импорттау­шы елдердің дем­пин­гін болдырмау үшін қант импортына бақылау бағасы мен импорттық бағалардың ең төменгі деңгейін белгілеу арқылы ішкі нарықты қорғау шарасы қарастырылған.

Бұл ретте тауарлық-материалдық құндылықтарды (тұқымдар, минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары) сатып алуға, қант өндіру кәсіпорындарын құруға және жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары, аталған кешендік жоспарды жүзеге асыру алдағы 5 жылда отандық шикізаттан қант өндіру көлемін жыл сайын 250 мың тоннаға дейін жоғарылатуға мүмкіндік беретіндігі қарастырылып жатыр.

Сонымен қатар Өңірлердің 2022-2026 жылдарға арналған АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жол карталары аясында ішкі нарықты отандық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, ет өңдеу кешендерін салу және жаңғырту сияқты инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр. Қазіргі уақытта инвестициялық жобаларды әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы басқа облыстарға қаржыландыру бойынша жетілдіру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесіне сүйене отырып, өңірлік мамандануын ескеріп, АӨК-те жобалар пулын қалыптастыру жөнінде жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізіледі.

Осылайша, министрлік ауыл шаруа­шылығы шикізаты мен азық-түлік өнім­дерін өндіру көлемін ұлғайту, олардың өзіндік құнын төмендету, бәсекеге қабі­лет­тілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдады. Министрлік азық-түлік өнімдері мен өсімдік және жануарлар­дан алынатын шикізатқа қатысты вете­ринарлық және фитосанитарлық бақы­лауды жүзеге асырып, Денсаулық сақтау министрлігі өз кезегінде сауда желілерінде сатылып жатқан өзге де өсімдік тектес және жануарлардан алынатын өңделген өнімдерді бақылайды.

Мал шаруашылығы өнімдерінің тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 2022 жылы 39 963 мониторингтік зерттеу жүргізіп, жалпы жылдық жоспардың 100 пайызын (39 963), оның ішінде ластаушы заттардың қалдық мөлшеріне – 31 761, радиологиялық – 1 512, микробиологиялық – 5 011, паразитологиялық – 142, улы элементтерге – 1 309 мен диоксиндер бойынша 228 сынама жүргізілді.

Бұл ретте өңдеу кәсіпорындарының жоғары жүктемесін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу үлесін ұлғайту және отандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді мемлекеттік қолдаудың келесі шаралары көзделіп отыр. Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жыл­дарға арналған ұлттық жобасында қайта өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруа­шылығы өнімін тереңдетіп қайта өңдеу өнімдерін өндіру үшін сатып алуға жұмсаған шығындарын, 25 пайызға дейінгі инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің барлық бағытына сай айналым қаражатына несиелер жөнінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау механизмі енгізілген.

Малды өңдеуге тапсыру кезінде фер­мерлер шығындарының бір бөлігі, фермерлерді өңдеуге тапсырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қант қызыл­шасы, майлы дақылдар, қарақұмық) көлемі, өсімдік шаруашылығындағы шикізат базасын дамытуға, гербицидтерді, жанар-жағармайларды, тыңайтқыштарды сатып алуға, мал шаруашылығында асыл тұқымды жұмыстарды жүргізуге және мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды дамытуға арналған шығындар субсидияланады.

Сонымен қатар негізгі және айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Қара­пайым заттар экономикасының» бағдар­ламасы бойынша жеңілдіктегі несиелер мен Салық кодексінің 411-бабына сәйкес ҚҚС-ты 70 пайызға дейін төмендетуге байланысты кейбір өнім өндірушілерге салықтық жеңілдіктер беріліп отыр.

 

Сәуле ЖҰРЫНОВА,

Ауыл шаруашылығы министрлігі департамент директорының орынбасары