Түркістан қаласы мен Түркістан облысының Сайрам ауданында «Мақсатты топтарды әлеуметтендірудің, интеграциялау және жұмысқа орналастырудың табысты факторы ретінде Түркістан облысында тұратын мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі қызметті іске асыру, ілгерілету және одан әрі дамыту» жобасы жүзеге асырыла бастады.
Жоба аясында «Қорған-М» ҚБ «Инклюзивті көмекші» telegram-ботын іске қосты. Бұл – мүгедектігі бар адамдарға мотивациялық, психологиялық-әлеуметтік және құқықтық кеңес берудің онлайн-кабинеті.
«Бот Түркістан қаласы мен Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында тұратын мүгедектігі бар адамдарға психологтың, заңгердің уақтылы кәсіби көмегін алуға, сондай-ақ әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес алуға мүмкіндік береді. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі», дейді жоба жетекшісі Диана Қырғызбаева.