Бұл туралы Энергетика министрі айтты.
Алмасадам Сәтқалиев мәлім еткендей, жылу энергиясына ең төменгі тарифтер 25 пайызға артады. Ал алдағы 3-4 жыл ішінде электр энергиясының құны 15 пайызға дейін өседі.
Министрдің айтуынша, бүгінде ЖЭО-лардың жұмыс істеуге қауқары жетпейді. Тарифтің өсуі де осыған байланысты болып отыр.
Қазір еліміздегі 37 жылу энергетикалық орталығының 19-ы аса қиын жағдайда тұр. 19 станция жай-күйі тұрғысынан қызыл аймақта болса, 11-і сары, 7-еуі жасыл аймақта тұр.