• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Сәуір, 2023

Елімізде зергерлік бұйымдар 33 пайызға қымбаттаған

380 рет
көрсетілді

Елімізде 2023 жылдың ақпан айында зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы бір жылда 33,2%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Бір жыл бұрын өсім небәрі 6,2% болған еді.

Зергерлік бұйымдар өндірісі жылына 1,4 млрд теңгеге тең болды. Бұл 2021 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда құндық мәнде 4,4%-ға артық. 

Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сәйкес, бір жыл бұрын сақина бағасы 5,7%-ға ғана өскен еді.

Бағаның айтарлықтай өсуі Солтүстік Қазақстан облысында байқалды: бірден 71,6%-ға өскен. Жетісу (61,7%) және Алматы (60,1%) облыстары да алдыңғы қатарда тұр.

Алтын неке сақиналары Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында 1,5 есеге жуық қымбаттаған. Мұндай сақиналардың бағасы Ақтөбе (3,7%-ға), Атырау (6,9%-ға) және Батыс Қазақстан (10,7%-ға) облыстарында ең аз өскен.