• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Сәуір, 2023

Журналистерге сұхбат беру депутаттың міндеті - Қошанов

488 рет
көрсетілді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов өзекті мәселелер бойынша пікір білдіру депутаттың міндеті екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам алдында ашық болып, журналистер қойған маңызды сұрақтарға жауап беру депутаттарға міндеттеледі. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы айтты.

«Ашықтық ұстанымы Мәжіліс жұмысындағы негізгі басымдық болып қала береді. Біз осы бағыттан айнымаймыз. Бүгінгі жалпы отырыстың өзі республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіліп отыр. Президент те бұл тәжірибенің тиімділігі туралы баса айтқанын білесіздер. Мәжіліске ашық әрі жария түрде қызмет етуге барлық жағдай жасалған. Журналистерге сұхбат беріп, өзекті мәселелер бойынша пікір білдіріп отыру — депутаттардың басты міндеттерінің бірі», деді ол.