• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Маусым, 2010

СЪЕЗД ДЕЛЕГАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

531 рет
көрсетілді

Елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау бойынша күш-жігерлерін біріктіру, “Нұр Отан” ХДП бастамаларын қолдау, қоғамды жұмылдыруға және халық бірлігін нығайтуға бағытталған 2009 жылғы 12 наурызда қол қойылған Экономикалық дағдарыс жағдайларында әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы меморандум шеңберінде “Нұр Отан” партиясы мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бұдан әрі өзара іс-әрекетінің мәселелерін талқылау мақсатында 2010 жылғы 2 маусымда Астана қаласында “Нұр Отан” ХДП Орталық аппаратында Кәсіподақтар федерациясының ХХІІ съезінің делегаттарымен кездесу өтті. Кездесуге “Нұр Отан” ХДП басшылығы, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Астана қаласының ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, Кәсіподақтар федерациясының өкілдері, салалық және аймақтық кәсіподақтар, үкіметтік емес сектордың, БАҚ өкілдері қатысты. “Нұр Отан” партиясы басшылығының Кәсіподақтар федерациясының ХХІІ съезінің делегаттарымен кездесуі азаматтық қоғам институттары арасында ұжымдық шарт үдерістерінің дамуы бойынша жұмысты жандандыруға, Қазақстандағы әлеуметтік-саяси үдерістерге қатысушылармен “Нұр Отан” партиясының өзара тиімді іс-әрекеті мен ынтымақтастығын көтеруге мүмкіндіктер туғызады. “Егемен-ақпарат”.