• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Мәдениет 06 Сәуір, 2023

TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталары сатылымға шығады

337 рет
көрсетілді

Ұлттық банк 10 сәуірден бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясынан TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

TOǴYZQUMALAQ коллекциялық монеталары:

Массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - proof және black-proof, номиналы - 500 теңгелік, таралымы - 3 000 дана, күмістен (нүктелі алтын жалату, бір жақты тотығу және интерференциялық түрлі-түсті жабын технологиясын қолдана отырып) жасалған;

Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған монетаның бейнесі (дайындау сапасы proof және black proof)

Массасы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - proof, номиналы - 500 теңгелік, таралымы - 3 000 дана, күмістен (нүктелі алтын жалату және интерференциялық түрлі-түсті жабын технологиясын қолдана отырып) жасалған;

Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған монетаның бейнесі (дайындау сапасы proof)

Массасы - 15 грамм, диаметрі - 33 мм, дайындау сапасы - brilliant uncirculated, номиналы - 100 теңгелік, таралымы - 20 000 дана, МН 25 мельхиор қоспасынан тұрады;

Номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан жасалған монетаның бейнесі 

Массасы - 11,17 грамм, диаметрі - 31 мм, дайындау сапасы  - uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы - 100 000 дана, МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан тұрады.

Номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған монетаның бейнесі