АСТАНА. 3 шілде. 2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы елімізден сыртқа экспортталатын тауар түрлерін 127-ден 300-ге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев осылай деді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Мемлекет басшысының қатысуымен өткен телекөпір басталардың алдында Е.Досаев: «Еліміздің экспортталатын тауарлар санын екі еселеуге мүмкіндігі мол», – деді.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда еліміз 127 тауар түрін ғана экспорттайды екен. Ал табыс деңгейі Қазақстанмен сәйкес келетін Малайзия мен Таиланд секілді елдерде экспортқа шығатын тауар түрлері шамамен 800 тауарға дейін барады.
Ерболат Досаевтың сөзіне қарағанда, тауар түрлері мен экспорт кезіндегі қызметтерді әртараптандыру өте маңызды.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: primeminister.kz.
Фото: ortcom.kz.