• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
03 Шілде, 2014

Астана күніне орай қала қауіпсіздігін 800 полиция қадағалайды

351 рет
көрсетілді

АСТАНА. 3 шілде. 4-8 шілде аралығында 800-ден астам полиция қызметкері елордамыздағы тәртіптің сақталуын қадағалайды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Хабарламада көрсетілгендей, мереке күндері қоғамдық орындарда, көшелерде, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылатын жерлерде заңбұзушылықтың алдын алу үшін қосымша шаралар қолға алынады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері, әсіресе, әуежай мен сапаржайдағы қауіпсіздікке мейілінше көбірек көңіл бөлмек. Бұдан бөлек, ерекше маңызды нысандарда, арнайы мекемелерде күзет қызметі барынша күшейтіледі. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: newskaz.kz.