АСТАНА. 3 шілде. Жапония Солтүстік Кореяға қатысты санкцияларын жеңілдетуі мүмкін. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Нақтылай айтқанда, Жапония Солтүстік Кореяға өз тарыпынан қойылған визалық және қаржылай шектеулердің біразын алып тастап, біржақты санкцияларды жеңілдетуге шешім қабылдамақ. Сонымен қатар, Жапония билігі «гуманитарлық миссиямен келген» солтүстіккорейлік кемелерді өз порттарына кіргізуге рұқсат бермекші.
Ресми Токио бұл қадамға Пхеньянның 1970-1980 жылдар аралығында КХДР арнайы қызметі ұрлап әкеткен жапондықтардың тағдыры жөнінде қайтадан тергеу амалдарын жүргізуге уәде беруіне байланысты барып отырған көрінеді.
Жапония Солтүстік Кореяға қатысты санкциялардың жеңілдетілуі жөніндегі шешімін жұма күні министрлер кабинетінің отырысында бекітеді деп күтілуде.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com.
Фото: Ap.org.