• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2023

Каспий жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді

253 рет
көрсетілді

Каспий жағалауында 5 күн бойы жанған қамыс өрті сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, қамыс өрті кеше, 6 сәуірде сағат 21:30-да толық сөндірілген.

«Қазақстан ғарыш сапары» космомониторингінің қорытындысына сәйкес «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өрттің жалпы ауданы 1 200 гектарды құраған.

«Каспий жағалауындағы батпақты, сулы жерде 2 сәуірде қамыс өрті тұтанды. Бұл – Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтағы аумақ. Жалыннан флора мен фауна зардап шеккен жоқ. Өйткені құстардың ұя салу кезеңі әлі басталмаған», деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Қамыс өртін сөндіруге департаменттен 42 қызметкер, 7 техника, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 30 адам, 9 техника, 2 қайық, 4 мотопомпа жұмылдырылған.

Ал, «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағынан СТҚ-5 құрылғысымен 260-қа жуық тонна су төгілген.

Айта кетейік, бұдан бұрын Каспий жағалауында жанған қамыс түтіні Атырауды басып қалған еді.