• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Сәуір, 2023

Өскеменде әскери борышын өтеуге шақырылған сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті

311 рет
көрсетілді

Биылғы көктемде ҚР  Қарулы Күштерінің қатарын шығысқазақстандықтар толықтырады.

Өскемендегі Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының концерт залында Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде «Әскерге шақырылғандар күні» өткізілді.

Отан алдындағы борышын өтеуге Маңғыстау облысындағы әскери бөлімде теңіз жаяу әскері сапында Отан алдындағы борышын өтейтін сарбаздар үшін «Әскерге шақырушылар күні»аясында құрмет көрсетіліп, мерекелік концерт өтті. Ондағы мақсат – жастардың Отансүйгіштік қасиетін ояту, әскери өмірмен таныстыру.

Биылғы акцияның ерекшелігі – мұнда Отан алдындағы борышын өтеушілер ғана емес, шараға Өскемен қаласы жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сыныптар оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері және әскери-техникалық кәсіптік колледж студентері, ҚР әскери қызмет ардагерлері, соғыс ардагерлері, Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, сарбаздардың ата-аналары қатысты.

Айта кетейік жас сарбаздарды арнайы комиссия психилогиялық, медициналық тексерістен өткізгеннен кейін, олар әскер қатарына алынып отыр.

«Бүгін Отан алдындағы борышын өтеуге келген жігіттерді арнайы комиссия тексереді. Соның нәтижесіне қарай олар әскерге жіберіледі. Барлығы 700-ге жуық азаматты әскер қатарына шақыру жоспарланған. Бүгінгі күннің өзінде 5 команда шақырылды. Және 10-сәуірге дейін аттанатын 2 команда бар. Олардың барлығы психологиялық, кәсіби және медициналық тексерістен өткен», деді ШҚО әскери істер департаментінің бастығы Қайырбек Қайырханов.

Сонымен қатар Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласындағы №22744 әскери бөлімде теңіз жаяу әскері сапында Отан алдындағы борышын өтейтін сарбаздарға ШҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаев жастардың әскери қызметтегі алғашқы қадамдарымен құттықтап, ақ батасын берді, тілегін білдірді.

«Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы отырған жігіттер антына адал болып, бір жылдан соң отбасына аман-есен оралуына тілектеспін», деді Айтқазы Шерубаев.

Бүгінгі шарада патриотттық әндер шырқалып, әскерге шақырылғандарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айбынды әскер - Қазақ елінің қалқаны дей келе «Бүгінде әскеріміз Тәуелсіз Қазақстанның берік қалқаны ретінде жауынгерлік шеберлік пен асқақ рухтың озық үлгісін көрсетіп келеді», деп айтқаны ел есінде.