• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Сәуір, 2023

Қазақстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады

322 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бүгін, 8 сәуірден бастап Қазақстан аумағынан пиязды әкетуге салынған тыйым алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрілігінің сайтына сілтеме жасап. 

Бұл ретте осы жылдың 8 сәуірінен 28 сәуіріне дейін арнайы бұйрықпен республика аумағынан Еуразия экономикалық одағының үшінші елдеріне тек 20 000 тонна мөлшерінде пияз (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0703: 070310) әкетуге шектеу (квота) енгізілді.

Квотаның бүкіл қолданылу мерзімі кезінде тауар әкетуге бір өтініш беруші үшін рұқсат етілген лимит белгіленеді, ол 500 тоннадан аспайды.

Қазақстан аумағынан тауар әкетуге арналған квота көлемін бөлу Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген Қазақстан аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес, фитосанитариялық сертификат беру кезінде БАБЖ АЖ-да автоматты түрде жүзеге асырылады.