Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 5-турында алматылық «Қайрат» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуға» есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесу барысында алматылық клуб алғашқы минуттан белсенділік көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан 37-минутта Виктор Васин есеп ашты.
Ойынның 54-минутында «Жетісу» сапынан Рати Ардазишвили таразы басын теңестірді.
Ал 74-минутта Андрей Ульшин қайтадан «Қайратты» алға шығарса, талдықорғандық клубтан Мәди Хасейн 80, Руслан Теверов 90-минутта екі гол соғып кетті.
Осылайша «Қайрат» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.
Бұл - алматылық клубтың биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңілісі болса, талдықорғандық клубтың бірінші жеңісі.
Енді елорда уақытымен сағат 19:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Астана» жасыл алаңға шығады.
Аталған турды сағат 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақтөбе» командалары түйіндейді.