Сенбі күні футболдан ел чемпионатының бесінші туры аясында өткен бес ойынды тамашаладық.
Осыған дейін қатарынан төрт кездесуде жеңіске жетіп, жарыс кестесінде жеке-дара көш бастағанда көпшілік «Қызылжардың» бұл көрсеткішін «кездейсоқтық» деп топшылаған еді. Бірақ ондай көзқарас білдірген адамдар қатты қателескен сыңайлы. Бұл жолы да олар өздерінің мықтылығын тағы бір мойындатты. Петропавлда өткен ойында алаң иелері «Атырауды» 1:0 есебімен ұтып, басты қарсыластарынан уақыт озған сайын ұзап барады. Осы матчтағы жалғыз голды 65-минутта бразилиялық легионер Хосе Витор Родригес пенальтиден соқты.
Өзге бәсекелер мынадай есеппен аяқталды: «Оқжетпес» – «Ақсу» 3:0, «Мақтаарал» – «Каспий» 3:1 және «Қайсар» – «Шахтер» 2:1.