Өңірдегі отандық және шетелдік компаниялар да майдангерлерге әлеуметтік қолдау көрсету мен емделуіне демеушілік танытудан шет қалған емес. Жеңіс мерекесі қарсаңында Аджип ҚКО компаниясы облыстық әкімдікпен бірлесіп, соғыс және тыл ардагерлерінің бір тобына шипажайларда ем алу жолдамаларын тапсырды. Сөйтіп, енді 20 ардагер “Геолог Казахстана” және 55 ардагер “Атырау” шипажайында дем алатын болды.
– Біз, – дейді компанияның жергілікті билік органдарымен байланыс жөніндегі менеджері Серік Идранов, – Жеңістің қандай қиыншылықпен келгенін, бүгінгі бейбіт өмір үшін жанқиярлық танытқан майдангерлеріміздің ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Майдангерлердің ерлігін әр кез өнеге тұтамыз, арамыздағы ардагерлерге үнемі құрмет көрсетуге дайынбыз.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ.
Атырау облысы.