• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Сәуір, 2023

Ақтөбе облысында жол апатынан екі жүргізуші қайтыс болды

457 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында жол апаты болып, екі жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

7 сәуір күні Lada Priora автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі Жаңажол-Сарыкөл автожолымен (Сарыкөл ауылынан 4 км қашықтықта) жүріп келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, 68 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Renault Daster автокөлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан Lada жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші көліктің жүргізушісі Кеңқияқ ауылы ауруханасының қабылдау бөлімінде көз жұмды.

Lada-да болған бір жолаушы мен Duster көлігіндегі үш жолаушы, екі кәмелетке толмаған бала Кеңқияқ ауылындағы ауруханаға жатқызылды.